Nokia J - Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

background image

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы ішке орнатылған, ажыратылмайтын зарядталатын батареямен жабдықталған. Батареяны құрылғыдан

ажыратуға тырыспаңыз, құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін.

Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-10, AC-6, DC-10, DC-6, DC-11, DC-11K,

DT-600 және CA-146C . Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әртүрлі болады. Аша нұсқасы

төмендегілердің біреуімен анықталады: E, X, AR, U, A, C, K немесе B.

Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады.

Сөйлесу және күту режиміндегі уақыттар тек шамамен алынған. Нақты жұмыс уақыттарына, мысалы, құрылғы

параметрлері, пайдаланылып жатқан құрылғы мүмкіндіктері, батарея жағдайы және температура сияқты көптеген

факторлар әсер етеді.

Ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареяны зарядтау үшін зарядтағышты жалғау, одан кейін ажыратып, қайта

жалғау қажет болуы мүмкін.

Батарея заряды толық таусылған болса, зарядтау көрсеткішінің шамы жанғанша бірнеше минут өтуі мүмкін.

Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған

батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау батареяның қызмет мерзімін қысқартуы

мүмкін. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.

Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура

батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы

уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың

ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде

қоқысқа тастамаңыз.

Зарядтағышты тек белгіленген мақсатына сай пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген зарядтағыштарды пайдалану немесе

оларды дұрыс пайдаланбау өрт, жарылыс қаупін немесе басқа қауіп төндіруі және кез келген рұқсат немесе кепілдік

күшін жоюы мүмкін. Зарядтағыш бүлінген сияқты көрінсе, оны пайдаланар алдында қызмет көрсету орталығына

апарып, тексертіңіз. Зақымдалған зарядтағышты еш уақытта пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық жай ішінде

пайдаланыңыз.

9