Nokia J - Құлақаспапты пайдалануды бастау

background image

Құлақаспапты пайдалануды бастау
Құлақаспапты алғаш рет қосқанда, дауыстық кеңестер құлақаспапты орнатуға

көмектеседі.

Құлақаспап түрлі өлшемді жастықшалармен келеді. Шақ келетін және

құлағыңызға ыңғайлы жастықшаны таңдаңыз. Жастықшаны ауыстыру үшін,

қазіргі жастықшаны құлақ бөлігінен тартып, орнына жаңасын салыңыз.

1 Құлақаспапты қосу үшін, оны тасу қысқышынан алыңыз. Егер құлақаспап

қосылмаса, батареяны зарядтаңыз.

2 Құлақ бөлігін құлаққа қарай жайлап басыңыз.
3 Тілді таңдау үшін дауыстық кеңестерді орындаңыз. Ағылшын немесе қытай

тілін таңдауға болады. Жұптау режимі іске қосылады.

4 Құлақаспапты үйлесімді құрылғымен жұптау үшін дауыстық кеңестерді

орындаңыз.