Құлақаспапты жұптап тасымалы құрылғыға қосу
Құлақаспапты пайдаланбастан бұрын, оны жұптап үйлесімді құрылғыға қосуыңыз
керек.
1 Құлақаспапты өшіру үшін, пернесін 4 секунд басып тұрыңыз.
2 Жұпталатын құрылғыны қосыңыз.
3 Егер құлақаспапты құрылғымен жұптап көрмесеңіз немесе құрылғы жұптарын
тазалап қойған болсаңыз, құлақаспапты қосыңыз.
Егер құлақаспапты басқа құрылғымен бұрын жұптаған болсаңыз, пернесін
5 секунд басып тұрыңыз.
Жұптау режимі іске қосылады да, көк көрсеткіш шам тез жыпылықтай
бастайды. Дауыстық кеңестерді орындаңыз.
4 3 минут ішінде құрылғыда Bluetooth байланысын қосып, оны Bluetooth
құрылғыларын іздейтін етіп орнатыңыз. Мәліметтер алу үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
5 Табылған құрылғылар тізімінен құлақаспапты таңдаңыз.
6 Қажет болса, 0000 рұқсат кодын енгізіңіз.
Құлақаспапты 8 үйлесімді құрылғымен жұптауға болады, бірақ оны бір уақытта
тек 2 құрылғыға қосуға болады.
Біраз тасымалы құрылғылармен жұптаудан кейін қосылымды бөлек орнату керек
болады.